06 августа 2022 Қазақстан

Қазфосфатта бас директор ауысты

"Қазфосфат" ЖШС бас директоры лауазымына Евгений Шибанов тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Евгений Шибанов тау-кен, өнеркәсіптік-өндірістік салада үлкен тәжірибеге ие. Бөлім бастығынан "Апатит" АҚ (РФ) бас инженеріне дейінгі жолдан өтті, "ТольяттиАзот корпорациясы" ЖАҚ (РФ) Бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директоры, Самарқанд химиялық кешенінің бас директоры болып жұмыс істеген.

2021 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін "Қазфосфат" ЖШС өндіріс жөніндегі атқарушы директоры болды.

Жаңа басшыны таныстыра отырып, Бақылау кеңесінің төрағасы Эдуард Огай бұрынғы бас директор Нұрхан Нұрлановтың кәсіпорынның өндірістік қуатын, экспорт көлемін арттыруда үлкен және маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті. Барлық негізгі жабдықтарды толық жаңғырту және күрделі жөндеу бағдарламасы жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік жобаларды дамытуға көп көңіл бөлінді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысындағы Қаратауда 72 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Кәсіпорын қызметкерлері, соның ішінде көпбалалы отбасылар, ардагерлер мен еңбек мүгедектері пәтер кілттеріне ие болды.

Енді Нұрхан Нұрланов компанияның стратегиялық даму мәселелеріне назар аударады.