ҚТЖ Иран, Әзірбайжан, Грузия және Түркия порттарында терминалдар жасамақ
ҚТЖ ұлттық компаниясы Президенттің тапсырмасы бойынша ұлттық көлік-логистикалық компанияға айналады. Осы жұмыс шеңберінде әлемдік көлік-логистикалық компаниялармен кооперация және ҚР шегінен тыс жерлерде терминал желісін құру көзделеді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
"ҚТЖ трансформациясы аясында PSA, DBShenker, CoscoShipping, DPWorld және басқа көлік-логистикалық компаниялармен, синхрондаумен, тар жерлерді жоюмен және тасымалдау құжаттарымен жіксіз алмасуды, халықаралық нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін Бірыңғай цифрлық дәліз құрумен кооперация ұсынылады", - деді ИИДМ басшысы.
Бұл ретте PSA-мен бірлесіп көлік дәліздерін цифрландыру жоспарлануда.
Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты Иран, Әзірбайжан, Грузия және Түркия порттарында сыртқы терминалдық желілер құру болады.
Тақырып бойынша оқу: Сингапур Ақтау портындағы контейнерлік хаб жобасына қатысуға ниетті
Сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдауға қатысу, тарифтік саясатты келісу және операциялық қызметті арттыру арқылы ҚТЖ операциялық қызметінде мемлекеттік реттеуді күшейту жоспарлануда.
Сондай-ақ, көлік-логистика саласын одан әрі дамыту үшін ғылыми қолданбалы әзірлемелердің ұлттық базасын құру ұсынылады.
"Аталған іс-шараларды іске асыру Қазақстанның көлік - логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілетін болады", - деді Қайырбек Өскенбаев.
Ол сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту үшін Достық-Мойынты теміржол учаскесі, Дарбаза Мақтаарал және Бақты-Аягөз теміржол желілері, Алматыны айналып өтетін теміржол айналма желісі, авто және теміржол вокзалдары мен әуежайлар сияқты көлік инфрақұрылымын салу және жаңғырту жобалары іске асырылғанын хабарлады.
"Шекаралас мемлекеттердің мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін дамыту қамтамасыз етілді. Отандық өндіріс өнімдерін басымдықпен пайдалануды ескере отырып, жылжымалы құрам жаңартылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы жыл соңына дейін әзірленетін болады", - деп нақтылады министр.