ҚТЖ дизель отынын тасымалдау бойынша Call-center ашты
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясы дизель отынын тасымалдау мәселелері бойынша Call-center ашты. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның ақпараты бойынша, "Жедел желі" тұрғындар мен жүк жөнелтушілердің бензин мен дизель отынын тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша шағымдары мен өтініштерін қабылдау үшін ашық.
Call-center тәулік бойы 8 (7172) 60-31-08 телефон нөмірі және Sirisheva_N@Railways.Kz электрондық мекенжайы бойынша жұмыс істейді. Оператор өтініштерді бақылайды және талдайды, содан кейін тиісті шаралар қабылданады.
Бұған дейін ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылғанын хабарлады. Бұдан басқа, отын қалдықтарының мониторингі және жергілікті деңгейде шешімдер қабылдау үшін облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері деңгейінде жедел штабтар құру жоспарлануда.