12 сентября 2022 Қазақстан

АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығы мемлекеттік меншікке өтеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясатты талдау орталығы" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" қаулы жобасын дайындады. Құжат Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін жарияланды.

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының сыйға тарту шарты бойынша "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясатты талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 пайызын республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын", - делінген құжатта.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясатты талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін болады.