АШМ жаңадан техника, жем алу мен инвестжобаларға субсидия беру жайын талқылауда
Бүгін ҚР-дың Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа есеп беру кездесуі барысында субсидия алу туралы бірқатар сұрақтар келіп түсті. Басқарма басшысының айтуынша, фермерлердің барлық ұсыныстары ескерілетін болады, ал кейбіреулері қазіргі таңда енгізілу үстінде.
С.Омаровтың айтуынша, инвестициялық субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізілді.
«Ауылшаруашылық дақылдарын тасымалдауға арналған көліктер субсидияланады. Осыған қатысты ережелер қазір талқыланып, келісілуде», - деді министр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық жобаларды субсидиялау жолдарын, оның арасында күн батареяларын есептемегенде, қайта қарастыруды жоспарлап отыр.
«Кейбір облыстарда күн батареялары мен құдық салуды субсидиялау барлық бөлінетін қаражаттың 70-80% құрайды. Сондықтан бұл мәселе талқыланды, облыстардың әкімдіктері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілер тарапынан қайта қарау туралы өтініштер келіп түсті. Қазіргі таңда талаптар жеңілдетілді, ал күн батареялары субсидияланбайды », - деді ол.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне фермерлерден малға арналған жем сатып алуды субсидиялау туралы ұсыныстар келіп түсуде. «Қазір сүт және ет бағытындағы ірі қара малдың, қойдың және жылқы мен түйенің асыл тұқымдарын сатып алуға берілетін субсидиялауға өзгерістер енгізілуде», - деді Сапархан Омаров.
Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы асыл тұқымды мал өсіру үшін шағын фермалар құрылысын қолдаудан бас тарту туралы сұраққа жауап берді. Қазір субсидиялау ірі бордақылау шаруашылықтарына берілуде, мұндай шарттармен көптеген фермерлер келіспеуде.
«Бұл мәселе қиын болып тұр, себебі асыл тұқымды мал өсіруге арналған шағын фермалар негізінен қолда бар құралдармен салынады. Ал субсидия бөлінген кезде біз жобалық-сметалық құжаттаманы талап етеміз. Егер біз шағын фермалардан ЖСҚ-ны талап ететін болсақ, бұл олар үшін өте қымбатқа түседі, ал мұндай жағдай шағын фермаларды салу құнының өсуіне әкеледі. Дегенмен, бұл мәселеге назар аударып, оны тағыда талқылайтын боламыз»- деп жауап берді министр.
Министр мырза келесі жылдан бастап субсидия беру кезіндегі міндетті агрохимиялық картограманы талап ету мәселесіне де қайта оралуды уәде етті.
«Бұған дейін ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидия алу үшін агрохимиялық картограммаларының болуы талап етілді. Биылғы жылдың басында көптеген фермерлердің өтініштерін ескере отырып, бұл талап 2021 жылға дейін кейінге қалдырылды. Себебі фермерлерде мұндай агрохимиялық картограммалар жоқ. Ал қазіргі кезде еңбеккерлер бұл талапты мүлдем алып тастау туралы ұсыныстар түсуде. Біз бұл мәселені тағы да талқылаймыз деген ойдамын», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру аясында өсімдік шаруашылығына субсидия беру Бірыңғай субсидиялау ережелеріне біріктірілді.
«Өсімдікті қорғау құралдарын субсидиялау кеңейтілді. Енді гербицидтер ғана емес, сонымен қатар пестицидтердің басқа түрлері де субсидияланады. Отандық қана емес, сонымен қатар шетелдік сұрыпты тұқымдарға да субсидия берілуде. Негізгі жаңалықтардың бірі - субсидияларды күнтізбелік бір жыл ішінде емес, тұқым, тыңайтқыш, пестицид сатып алған күннен бастап 12 ай ішінде сатып алу мүмкіндігі берілді», - деді Сапархан Омаров.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы тұқымды субсидиялауға 9,5 млрд. теңге бөлінді, бұл дақылдардың арасындағы элиталық тұқымның үлесін 5,9% -дан 6,5% -ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде сапасы төмен тұқымдардың үлесі 11,8% -дан 9,2% -ға дейін төмендеді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін ғылыми ұсыныстарға сәйкес ұрықтандыруға ынталандыру үшін биыл минералды тыңайтқыштарды субсидиялау мөлшері 19-дан 26 миллиард теңгеге дейін өсті.
Машина-тракторларды жаңарту жұмыстары 4% -ға дейін өсті: 2018 жылы 9,5 мың техникамен салыстырғанда 12 мыңға жуық ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Сатып алынған ауылшаруашылық техникасының құнының 25% -ы субсидияланады және несиелер мен лизинг бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 10% -дан төмен болады, сондай-ақ техниканы лизингке алғашқы төлем ретінде пайдалану үшін алдын-ала инвестициялық субсидиялар алу мүмкіндігі арқылы көмек көрсетіледі.