Логистика мен маркетинг Agroworld Qazaqstan-да талқыланады
Agroworld Qazaqstan 2022 көрмесі 2-4 қарашада Алматыда, "Атакент" КҚКО-да өтеді. Іс-шара аясында бірқатар сессияларды қамтитын Агроөнеркәсіптік кешен форумы өтеді. Олардың бірі - "Жаңа шындық, өмір сүру нұсқаулығы: логистика, буып-түю, маркетинг".
Бұл сессия 4 қараша күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін "Атакент" орталығының №10 павильонының №1 семинар залында өтеді. Кездесуді АСЕХ Drive клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы Марина Ильина модерациялайды.
Талқылау барысында жаһандық нарықтың өзгеруі және Қазақстанның халықаралық логистикадағы маңыздылығының артуы, жаңа шындықтағы тасымалдар, бизнесті ілгерілетудің жұмыс және жұмыс істемейтін құралдары және т.б. сияқты тақырыптарды қозғау жоспарлануда.
Талқылауға NAWINIA, DHL, АльянсПак, АСЕХ Drive ТД компанияларының өкілдері қатысады.
Көрмеге бару үшін сізге сілтеме арқылы алуға болатын билет қажет екенін естеріңізге сала кетеміз. AWWK2022FBS промокодын пайдаланып, күн мен уақытты бүгін жоспарлаңыздар.