Синоптиктер шілде айында Қазақстанда қандай ауа-райы болатынын айтты
Қазгидрометтің болжамы бойынша, шілде айында Қазақстанда ауа температурасы үш рет аздап салқындайды. Жалпы ауа- райы климаттық нормаға сәйкес болады деп күтілуде.
«Шілде айында республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормаға сәкес келеді. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын көлемі қалыпты мөлшерде түседі деп күтілуде», - деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен қатар, көпжылдық көрсеткішке қарағанда жауын-шашын мөлшері аз жауатын аймақтарға:оңтүстік-батыс (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары, Ақтөбе облысының оңтүстігі), орталық (Қарағанды облысы және Балқаш көлі) және Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстік жартысы жатады.
Болжам бойынша, шілде айының әр онкүндігінде Атлант, Скандинавия және Қара теңізден соққан суық және ылғалды ауа массаларының әсерінен қысқа мерзімді салқын күндер болады деп күтілуде. Жалпы ел аумағында жауын-шашын жауып, қатты жел тұрып, ауа температурасы төмендейді деген болжам бар:
- еолің солтүстік жартысында түнде + 7 + 12 ° С, күндіз + 17 + 23 ° С;
- елдің оңтүстік жартысында түнде + 13 + 18 ° С, күндіз + 25 + 30 ° С дейін болады.
Шілде айында жалпы ауа температурасы Қазақстанның солтүстік аймақтарында + 25 + 33 ° С, ал оңтүстікте + 30 + 35 ° С болады. Бірақ кейбір күндері Иран мен Орта Азия аймақтарынан ыстық тропикалық ауаның әсерінен елдің оңтүстік жартысында ауа температурасының едәуір көтерілуі байқалады + 35 + 45 ° С , ал солтүстік жартысында термометр бағандары + 30 + 38 ° С дейін көтеріледі деп күтілуде.
Ауа-райының болжамына сәйкес, шілде айында жаздың шуақты күндері мен ыстық мезгілі барлық аймақтарда болады.