Қазақстанда қар мен боран аралас күрт салқындау күтілуде
13-15 сәуірде Қазақстанның барлық аумағында суық антициклонмен және арктикалық ауа массаларымен ауа температурасының күрт төмендеуі және қатты жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен қар жауады деп күтілуде. Оңтүстік аймақтарда найзағай мен бұршақпен қатты жаңбыр жауады.
Сондай-ақ таяу күндері Қазақстан бойынша жел күшейеді, солтүстік өңірлерде тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде.
"Егер республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде суық ауаның түсуі және ауа температурасының 10 градусқа күрт төмендеуі 14 сәуірде күтілсе, оңтүстік өңірлерде 15 сәуірге жетеді, алайда бұған дейін елдің солтүстігінде 20 жылуға дейін, оңтүстігінде 33 градусқа дейін жылу болады деп күтілуде", - деп хабарлады Қазгидромет.