QazTrade экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдауды ашуда
QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдау туралы жариялады. Өтінімдер 21 сәуірден (9.00-ден) 21 шілдеге дейін (17.00-ге дейін) қабылданады.
Рәсім өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тауарлар мен қызметтердің тізбесі сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығымен бекітілген.
Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдау export.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі туралы толық ақпарат орналастырылған.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 768 511, 8 (7172) 768 588.
QazTrade ҚР сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарлар мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі операторы болып табылады.