QazTrade бас директоры болып Рустам Асулбек тағайындалды
QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры болып Рустам Асулбек тағайындалды. Бұған дейін, 2023 жылдың ақпанынан бастап QazTrade бас директорының орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы Орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Рустам Асулбек 1976 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Көлік және коммуникациялар министрлігінде, Туризм және спорт министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2007 жылы "Қазақтуринвест" мемлекеттік компаниясының президенті болып тағайындалды. 2009 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ қаржы институттары дирекциясының директоры қызметін атқарды, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2009 жылдан бастап Ұлттық инновациялық Қордың Басқарма төрағасының орынбасары; Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру Қорының Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2022 жылға дейін – Батыс Еуропа елдеріндегі компаниялардың басшысы.