AGRICOM күзгі сессиясы қыркүйек айында Астанада өтеді
EURASIAN AGRICOMMODITIES (AGRICOM) үшінші жыл сайынғы халықаралық конференциясы 27-28 қыркүйекте Hilton Astana қонақ үйінде өтеді. Бұл туралы іс шараны ұйымдастырушы GMS компаниясы хабарлайды
Іс-шара Қазақстанның Астық одағының және оның серіктестерінің қолдауымен өткізіледі.
"AGRICOM күзгі сессиясында біз әлемдік астық нарығының үрдістерін, сондай-ақ қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуеті мен логистикасын талқылауды, ресейлік астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің Қазақстанға және Орта Азия елдеріне экспортының перспективаларын бағалауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, қазақстандық реттеуші тарапынан 2023/24 МГ экспортты реттеудің ықтимал шаралары және олардың экспортқа әсері туралы білу маңызды", - деп хабарлады ұйымдастырушылар.