Ақтөбе облысы пестицидтер мен биоагенттерге бөлінетін субсидия нормалары мен мөлшерін бекітті
Ақтөбе облысының әкімі пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) берілетін субсидия тізімі мен нормаларын нақтылады, сондай-ақ 2020 жылға арналған субсидиялардың мөлшерін бекітті.
Пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) бөлінетін субсидия мөлшері 452 млн 213 мың теңгені құрады.
Пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) бекітілген субсидия мөлшерінің толық тізімін adilet.zan.kz порталынан табуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында 2020 жылдан бастап тек гербицидтерге ғана емес, сонымен қатар басқа да пестицидтерге - фунгицидтерге, инсектицидтерге де субсидиялар берілетін болады. Жалпы, облыстардың жергілікті бюджеттерінде 2020 жылға пестицидтерге субсидия беру үшін 31,4 млрд. теңге қарастырылған.
Жыл басынан бері Қазақстанда пестицид өндіру екі есеге артты