Қазақстан тұқымды субсидиялауға 13,8 млрд теңге жұмсайды

Қазақстанда 2020 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден тұқым мен тыңайтқыштарды субсидиялауға 40 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

«Облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын субсидиялауға 11,3 млрд теңге қарастырылған. Республикалық бюджеттен қосымша 2,5 млрд теңге бөлінді», — деді Сапаров. Оның айтуынша, қаражат шамамен 30 мың тонна элита тұқымдары мен элиталық көшеттерді сатып алуға беріледі.

АШМ мәліметінше, бүгінгі таңда республика бойынша 2,5 млн тонна тұқым себілді, егіс жұмыстарына тұқымдық материал толықтай жетті.

Сонымен қатар, бірінші вице-министр 2020 жылға жергілікті бюджетте 480 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алуға 23,3 млрд теңге қарастырылғанын айтты, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 80 мың тоннаға артық болып есептеледі.  Республикалық бюджеттен биылғы жылы қосымша 2,8 млрд теңге көлемінде қаражат  тағы бөлінеді.

Сондай-ақ пестицидтерді субсидиялауға облыстардың жергілікті бюджеттерінде 2020 жылға 31,4 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл бөлінген қаражат шамамен 15 млн литр пестицидті субсидиялауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 1,6 млн литр пестицидтер сатып алуға 5,6 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат беріледі» — деп нақтылады спикер.

Ол ҚР - да алғаш рет гербицидтер ғана емес, сонымен қатар басқа да пестицидтер-фунгицидтер, инсектицидтер субсидияланатынын атап айтты. «Жалпы алғанда, бұл егістіктің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»-деп қорытындылады сөзін Сапаров.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.