Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Көптеген қазақстандықтар карантинге байланысты мәжбүрлі демалыста отыр, ал кейбір жұмыс істейтін азаматтар үйлерінде отбасымен бірге демалу үшін  мамыр айындағы мереке күндерді асыға күтуде. Мамыр айында қазақстандықтар үш мемлекеттік мерекені атап өтеді.

  • 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Биылғы жылы бұл мереке жұма күні болады. Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-3 мамыр аралығында үш күн демалады.
  • 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке бейсенбі күні болады.
  • 9 мамыр — Жеңіс күні. 9 мамыр мерекесі сенбі күнге түсіп отыр. Заң бойынша, мемлекеттік мереке демалыс күнге түскен жағдайда, одан кейінгі жұмыс күні демалыс күні деп жарияланады.

Сондықтан үкімет жұмыс күндерін тиімді пайдалану мақсатында, дүйсенбі күні болу керек демалысты 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды.

Сәйкесінше, қазақстандықтар  7, 8, 9 және 10 (жексенбі) мамыр аралығында демалады.

 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус  инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды. Мамыр айындағы шектеу шаралары туралы Мемлекет басшысы келесі аптада жариялайтын болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.