Ақмола облысында мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу іске қосылады
Ақмола облысының Есіл ауданында қуаттылығы 500 кВт биогаз зауытын салу жоспарлануда, ол мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдейтін болады. Biogas Servise Tarmstedt GmbH ірі неміс компаниясымен "Алтын дала Goldex" ЖШС арасында ынтымақтастық ниеті туралы шартқа қол қойылды. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП хабарлады.
Биогаз өндірісінің артықшылығы - бұл мал қалдықтарының қорын азайту, оларды құнды тыңайтқыш ретінде пайдалануды оңтайландыру, парниктік газдар шығарындыларын шектеу арқылы қоршаған ортаға әсерді азайту. Газ қондырғысынан кейін пайдаланылған шымтезек түріндегі қалдықтар егістіктерге түседі, бұл органикалық заттарды қажет ететін жерлерді қоректендіруге мүмкіндік береді.
"Алтын дала Goldex" жобаны іске асыруға жәрдемдесу, оны одан әрі сүйемелдеу, құрылысты бастау үшін құжаттарды жинауға көмектесу және т. б. туралы өтінішпен жүгінді. Біз неміс инвесторларымен бірнеше рет келіссөздер жүргіздік. Германияға жұмыс сапарының нәтижелері бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластықтар белгіленді", - деді Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасы Есіл филиалының директоры Руслан Югай.
Аудан аумағында құрылыс жұмыстары жақын арада басталатын жер учаскесі бөлінген. Жобаны іске асыруға отандық мердігер ұйым - "Djenco enginiring" ЖШС тартылды. Құрылысты аяқтау келесі жылдың соңында жоспарланған. Жоспарланған инвестиция көлемі 3 млн еуродан асады.
Неміс серіктестерімен кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектерді сату және ауыл шаруашылығы құралдарын жинау жөніндегі хаб құру мәселелері де талқыланды. Жоба Fricke неміс компаниясымен бірлесіп әзірленді, онымен қазақстандық компанияға дистрибуция құқығын тек Қазақстан аумағында ғана емес, келешекте бүкіл Орта Азияда беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
"Біздің еліміз шетелдік инвесторлар үшін өте тиімді сауда алаңы болып табылатынын ескере отырып, келіссөздер Ақмола өңірінің ғана емес, жалпы елдің экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Бұдан басқа, биогаз зауытын салу жобасы экология тұрғысынан да маңызды, өйткені биогаз жаңартылатын энергия көздері арасында әмбебап болып табылады және оны пайдалану атмосфераға зиянды метан шығарындыларын азайтуға ықпал етеді", - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.