Қазақстанда қатты жаңбыр жауады деп күтілуде
Алдағы үш тәулікте, 31 тамыз – 2 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағай мен қатты желмен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжануда", - дейді синоптиктер.
Сонымен қатар, республиканың солтүстігінде ауа температурасының қатты төмендеуі күтіледі: түнгі уақытта ауа температурасы 5-10, күндіз 10-18 жылы болады.
Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп 25-30 жылуға дейін көтерілуі болжанады.