Қазсушаруашылық тарифті екі есеге қымбаттатуды жоспарлап отыр
АШМ агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгертулер енгізді, онда «Қазсушаруашылығы» судың тарифін көтеруді, яғни бір куб метрге 1,036 теңгеден 2,72 теңгеге дейін арттыруды қарастырады. Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Аталған құжатқа сәйкес, Президент Әкімшілігіне Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы хат келіп түсті.
«Қазсушаруашылық» РМК-да «Каналдар арқылы сумен жабдықтау» қызметіне бірыңғай тарифті 2,72 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныс енгізілді, өйткені қолданыстағы тариф (1,036 теңге) 2019 жылы 1,203 миллиард теңге шығын әкелді. Сонымен бірге, Мемлекеттік бағдарламаға енгізілген түзетулер табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті органның бұл ұсынысын қарауы үшін негіз болады», - деді Президент Әкімшілігі.
Агроөнеркәсіптік кешен бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Қазақстанда 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін 610 мың га алқапта тұрақты суару үшін суару жүйелерін қалпына келтіру жоспарланған. Инфрақұрылымды қалпына келтірудің бірінші кезеңінде (2017 - 2021 жж.) Ислам даму банкі (қалпына келтірілетін жердің ауданы 35,4 мың га) және Еуропалық қайта құру және даму банкі (92,7 мың га) қаражат бөлетін болады. 256 мың гектар алқаптағы суармалы жерлердің инфрақұрылымын қалпына келтірудің екінші кезеңінде Азия даму банкінен қаражат түседі және Еуропалық қайта құру және даму банкінен екінші мәрте қарыз алу жоспарлануда.
«Қалған 218 мың гектар алқапты қалпына келтіру үшін жеке инвестициялық қорлар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен инфрақұрылымдарды 2021 жылға дейін кезең-кезеңімен қалпына келтіру жоспарланған. Алайда, жергілікті атқарушы органдар арқылы суармалы жерлерді қалпына келтіру жоспардан артта қалып отыр, өйткені қаражат жеткіліксіз бөлініп, МЖӘ тетігі арқылы іске асыру мүмкін емес, себебі инвестицияларды қайтару мәселесі қарастырылмаған», - деп жазылды құжатта.
Қабылданған параметрлерді ескере отырып, жұмсалған несиелерді өтеу бекітілген жаңа тариф есебінен жүзеге асырылады.
«Қазсушаруашылық» АҚ инфляцияны, кеңсені ұстауға, несиеге қызмет көрсетуге, пайданы, амортизацияның есептелген шығыстарын және басқаларын ескере отырып, орташа есеппен 2,72 теңге (ҚҚС-сыз) тарифтік сметасына өтінім жібергенін хабарлайды. Алайда, тарифтік сметаларды қарастыру және бекіту кезінде Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті шығындардың негізгі баптарын: «шикізат пен материалдар», «жанар-жағармай материалдары», «жалақы және іссапар шығыстары», «тозу» сияқты стандартты техникалық шығындарды қысқартқан. Шын мәнінде, ТМРБҚК 1,036 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде тарифті бекітті, яғни 57% төмендеген болатын.
Үкіметтің пікірінше, суармалы жерлердің нақты пайдасын есепке алмаған жағдайда сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтің төмендеуі суды басқару және ирригациялық-дренаждық жүйелерді жеткілікті көлемде жұмыс істеуге және ұстауға мүмкіндік бермейді. Жүргізіліп жатқан пайдалану шараларының тиімділігін төмендетеді, жүйелердің тозуын тездетеді және күрделі жөндеу мен қайта құрудың қажеттілігін арттырады. Бұл сондай-ақ заемдар мен сыйақы бойынша қызмет көрсету міндеттемелерді орындамауға әкеліп соғады.
«Егер тарифтер мен тарифтік сметаларды қайта қарау бойынша шаралар қабылданбаса,«Қазсушаруашылық» РМК халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын жабу кезінде үлкен шығындарға ұшырайды, бұл сөзсіз банкротқа әкеледі», - делінген құжатта.
Айта кету керек, 2020 жылдың басында «Қазсушаруашылық» тарифі Парламент Сенатындағы отырыста талқыланған тақырып болды. Кәсіпорынның бас директоры Бақытжан Кемелбековтің айтуынша, «Қазсушаруашылық» 4,703 түрлі су құрылыстарына иелік етеді, ал кәсіпорын барлық аймақтарға енгізілген бірыңғай тарифтің салдарынан шығынға ұшырауда.
«Бізге балансқа берілген көптеген нысандардың жағдайы жақсы емес. Оларды күту және техникалық қызмет көрсету мөлшері қымбат», - деп түсіндірді ол.
Егер бұрын объектілер жергілікті атқарушы органдардың меншігінде болса, қазір олар «Қазсушаруашылық» РМК-ның балансында. Сонымен қатар, меншік құқығына өткен кезде олардың жұмыс істеу тетігі талқыланбаған.
Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі де маңызды: төтенше жағдай туындаған кезде 182 гидротехникалық құрылым халыққа қауіп төндіреді, бұл мәселені шешу үшін 27191,7 млн. теңге қажет.