Тұқым күнінде шетелдік селекцияны локализациялау талқыланады
Астанада дәстүрлі «ТҰҚЫМ-2026» Тұқым күні 4-5 желтоқсанда өтеді. Форумға ірі әлемдік селекциялық және тұқым өсіру компаниялары, соның ішінде француздық Lidea және Limagrain, неміс BASF, ресейлік Омбы АҒО және басқалары қатысады. Қазақстандық тұқым өсірушілер мен селекционерлер шетелдік әріптестерімен Қазақстан аумағында келешекті сұрыптар мен будандардың тұқымын өндіру мәселесін талқылайды.
Конференция ұйымдастырушыларының ақпараты бойынша, Қазақстан аумағында тұқым өндірісін локализациялау тақырыбында Қазақстандағы Lidea бас директоры Ян Дюпон және Омбы аграрлық ғылыми орталығының директоры Максим Чекусов сөз сөйлейді.
Сондай-ақ, конференцияға тұқымдық өнім өндірісі Қазақстанда локализацияланған селекциялық компаниялардың өкілдері қатысады: Norika (Германия), Saatbau (Австрия), Бүкілукраиндық селекция ғылыми институты (Украина). Әлемдегі ірі селекциялық компаниялар үшін тұқым өндірумен айналысатын АҚШ-тың Remington Seeds компаниясының басшылары Тұқым күніне қатысады деп күтілуде.