Қазақстанда заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт салынады
Қазақстанда заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізетін үкімет қаулысының жобасында айтылған.
«Суармалы егіншілікті дамыту мақсатында Қазақстанда заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт салу жобасы жүзеге асырылады», - делінген құжатта.
Сонымен қатар, «ҚазАгро» ҰБХ арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің суды үнемдейтін технологияларды кеңінен енгізуі және қолдануы үшін, қазіргі заманғы суару жүйелерін, соның ішінде отандық кәсіпорындарда өндірілген өнімді сатып алуға несие / лизинг ұсынылатын болады.
Аталған жобадағы салыстыру кестесінде жазылғандай, зауытты Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Valmont Industries Inc арасындағы 2011 жылғы 10 қыркүйекте жасалған меморандум бойынша салынатын болады. Онда Қазақстан Республикасында суару және ауылшаруашылық өнімділігін арттыру қағидаттары туралы іс-шаралар жоспарланған. Аталған келісімгеПремьер-министр Асқар Маминнің АҚШ-қа ресми сапары 2019 жылдың желтоқсанында.
Естеріңізге сала кетесек, Қазақстанда 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін 610 мың гектар алқаптағы жердің суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Инфрақұрылымды қалпына келтірудің бірінші кезеңінде (2017 - 2021 жж.) Ислам даму банкі (қалпына келтіру ауданы 35,4 мың га) және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (92,7 мың га) қаражаты қолданылатын болады. 256 мың га алқаптағы суармалы жерлердің инфрақұрылымын қалпына келтірудің екінші кезеңінде Азия даму банкінен қаражат алынады және Еуропалық қайта құру және даму банкінен екінші рет несие алу жоспарлануда