16 июля 2020 Қазақстан

Түркияға ауыл шаруашылық өнімдерін сату үшін ҚР компанияларына «Экспортер картасы» қажет

Түркияға ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік өнімдерін экспорттау үшін қазақстандық компанияларға «Экспортер картасы» қажет. Бұл туралы KAZLOGISTICS Қазақстанның Көлік қызметкерлері одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Одақтың хабарлауынша, Түркияның сауда министрлігі 2020 жылдың 8 мамырынан бастап сертификатталған «Экспортер картасын» міндетті түрде ұсыну талабын енгізді.

«Бұл құжат Түркия Республикасына ауыл шаруашылық және тамақ өнімдерін экспорттайтын компаниялар үшін қажет. Осы талаптың аясында экспортқа шығуды жоспарлап отырған компания бұл құжаттарды экспорттау жоспарланған елдің Сауда-өнеркәсіп палатасына тапсыруға міндетті, содан кейін олар Қазақстандағы Түркия Республикасы елшілігінің консулдық бөліміне беріледі», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Қазақстанда сыртқы экономикалық операциялардың құжаттарын, оның ішінде «Экспорттаушының карталарын» сертификаттауды Қазақстанның сыртқы сауда палатасы жүзеге асырады. Осыған байланысты, Түркияға ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік өнімдерін экспорттау үшін компаниялар сыртқы сауда палатасына мына телефондар арқылы хабарласулары керек: +7 701 512 0187.