Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі Мемлекеттік инспекция комитеті үшін 20 көлік сатып алады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетіне арналған 79 млн теңгеге 20 көлік сатып алу жоспарлары туралы бұқаралық ақпарат құралдарына түсінік берді.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті үшін 297 көлік лимитін қарастырады. Машиналар аудан, қала және облыс аймақтарындағы өсімдіктердің карантиндік инспекцияларында, ЕАЭО кедендік шекарасы бойындағы фитосанитарлық бақылау бекеттерінде жұмыс үшін қолданылатын болады», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған бөлімде бұл көліктер инспекторларға фитосанитариялық сертификаттарды уақтылы беру, өсімдік өнімдерін (өндіріс орындары, элеваторлар, қоймалар және тағы басқалар) сақтау мен жөнелту кезінде тексеру, карантиндік зиянкестер, аурулар мен арамшөптерді анықтау үшін ауылшаруашылық жерлерін тексеру үшін арнайы көлік құралдарының қажет екендігін атап өтті.
«Мемлекеттік инспекторлар, қоғамдық көліктерді пайдалануға мүмкіндік жоқ ауылдық жерлерге ұзақ сапарларға шығуға міндетті, сондықтан инспекцияларға қызметтік көліктерг өте қажет», - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Комитеттің автопаркіндегі көп көлік 2010-2011 жылдары шығарылған. Бұл техникалар әбден ескіріп, 100% тозған, себебі көліктер ұзақ уақыт қолданылған. Бүгінгі таңда аталған инспекцияға 51 бірлік автокөлік қажет. Пайдалануға жарамсыз көліктерді қолданыстан шығару жұмыстары жалғасуда.
Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Комитет үшін 20 автокөлік сатып алуды жоспарлап отыр. Қаражат 2019 жылы ұсынылған 2020 жылғы бюджеттік ұсыныс аясында бөлінетін болады. Көліктерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Мемлекеттік инспекцияға отандық көліктер сатып алынады, механикалық трансмиссиясы бар және қозғалтқыш көлемі 1700 куб сантиметр болатын автомобильдерді сатып алу жоспарлануда. Аталған техникалардың құны - 3,9 миллион теңге.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл көліктердің сипаттамалары агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне арналған 20 автокөлік ҚР Президентінің «Орталық, жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі шығындарды азайту жөніндегі шаралар туралы» № 108 бұйрығына қайшы келмейтінін және толығымен сәйкес келетіндігін атап көрсетті. Осы бұйрықта жазылғандай қозғалтқыштың көлемі 2000 куб сантиметрден артық болуы тиіс, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығатын жеңіл автомобильдерді сатып алуға тыйым салынады.