22 июля 2020
Қазақстан
Синоптиктер Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады деп болжам айтуда
Қазақстанда 23-25 шілде аралығында қатты жаңбыр жауады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
«Солтүстік-батыс циклонның Қазақстан аумағы арқылы өтуімен байланысты жаңбыр жауады, ал солтүстік аймақтардың кейбір бөлігінде нөсер жауын болады», - деп хабарлайды синоптиктер.
Ауа райы болжамы бойынша, алдағы үш күнде Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнап, жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Сондай-ақ, ауа температурасы төмендейді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда егістік алқаптардағы дәнді дақылдарды артық мөлшердегі ылғалдан сақтандыру жұмыстары жалғасуда.