Қазақстанда қыркүйек айының басында үсік күтіледі
Қыркүйектің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік антициклон әсер етеді. Ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз және ашық ауа райы күтіледі, дегенмен солтүстік пен шығыста түнде үсік болуы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
1-2 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталық аймақтарда солтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады деп болжануда. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Қазақстанның батысында түнде +10-18°C болады, күндіз температура 25-30°C-тан 28-33°C-қа дейін көтеріледі.
Маңғыстау облысында түнде +13-21°C, күндіз - температураның 27-32°C-тан 30-35°C-қа дейін көтерілуі күтіледі.
Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде температура 0-5°C-тан +2-7°C-қа дейін өзгереді, кей жерлерде минус 3°C-қа дейін үсік болуы мүмкін. Топырақ бетінде кей жерлерде минус 1°C-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +10–28°C-тан +20–33°C-қа дейін көтеріледі.
Елдің шығысы мен орталығында түнде 0+5°C, аймақтың оңтүстігінде шамамен 10°C жылу болады. Кейбір жерлерде минус 3°C дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз температура +12-25°C-тан +15-30°C-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстік аймақтарда түнде температура +13-18°C-тан +10-15°C-қа дейін, тауларда - +5-10°C-тан +3-8°C-қа дейін төмендейді. Күндіз температура +18-23°C, таулы аймақтарда - +7-12°C болады.