Қазақстан логистика мен сақтау мәселесіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің 40 пайызын жоғалтады
Қазақстанда көліктік логистика және аграрлық өнімді сақтау инфрақұрылымы саласындағы ауқымды жобалар іске асырыла бастады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумының отырысында сөйлеген сөзінде айтты.
Мемлекет басшысы ресейлік серіктестерді осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
«Біздің агроөнеркәсіптік және экспорттық әлеуетіміздің жеткіліксіз іске асырылуына көбінесе көліктік-логистикалық шектеулер әсер етеді. Біздің елдерімізде логистика және сақтау жүйелерінің кемшіліктеріне байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғалуы 40%-ға жетеді. Сондықтан біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың маңызды бағыты сақтау инфрақұрылымын, оның ішінде элеваторларды, көкөніс және жеміс қоймаларын дамыту болуы тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол таяу уақытта Қазақстан климаттық бақылауы бар өнімді сақтау қуатын 1 млн тоннаға ұлғайтуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Бір мезгілде көлік инфрақұрылымы дамуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің келешекті нарықтары Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс елдері болып табылады. Олардың азық-түлікке деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің рөлі артады.
«Біздің өзара іс-қимылымыздың басымдықтарының бірі Орталық Азия арқылы логистиканың жаңа бағыттарын дамыту және Қытайға бар бағыттардың өткізу қабілетін арттыру болуы мүмкін. Осыған байланысты біз Құрық пен Ақтау Каспий порттарын ауқымды жаңғыртуды жоспарладық. Қытай бағытында біз Достық-Мойынты темір жолының учаскесінде екінші жол салу жобасын іске асырып жатырмыз. Жалпы, Қазақстанда үш жыл ішінде 1,3 мың шақырымнан астам темір жол салынады»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.