Қазақстанда тамақ өндірушілер үшін экспортты жеделдету бағдарламасы басталды
23 шілдеде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы «QazTrade ACCELERATOR: Тамақ өнеркәсібі 2020» атты алғашқы экспорттық жеделдету бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы Сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Экспортты жеделдету бағдарламасы 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейін 1010 отандық өндірушіні қамтуды жоспарлап отыр. Олардың 30%-ы, яғни 303 кәсіпорын бұрын экспорттық қызметпен айналысып көрмеген және алғашқы экспорттық келісімшарттарын алады. Қалған 70% -ы экспорт көлемін арттыратын немесе тұрақты тауарлармен жаңадан мақсатты нарықтар ашатын экспорттық қызметке қатысушылар», - деді министрлік.
Аталған бағдарлама қатысушыларына көмек өндірістік циклдан бастап тауарларды жөнелтуге дейінгі тәжірибеге бағытталған болады. Бұл жұмыс бойынша негізінде экспорттаушыларға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.
Акселератордың бірінші ағымына қатысу үшін тамақ өнеркәсібінде дайын өнім шығаратын 30 компания таңдалады. Бірнеше ай бойы қатысушылар өз компанияларының экспорттық компоненттерін жақсарту бойынша белсенді дайындықтан өтеді, сонымен қатар халықаралық сарапшылардан қажетті дағдыларды, біліктілікті алады. Негізгі нәтиже экспорттық келісім-шартқа міндетті түрде қол қою болады.
Бірінші экспортты жеделдету бағдарламасының негізгі саласы тамақ өнеркәсібі болды. Қазақстандық өндірушілер негізінен өнімдерін Қытай нарығына сататуды жоспарлап отыр.
«Әлемдік пандемия жағдайының таралуына байланысты және көрші елдердің азық-түлік тауарларына деген сұранысының жоғарылауы аясында бүгінде отандық өнім желісін жаңа нарыққа бейімдеу және экспорттаушыларға тиімді қолдау шараларын ұсыну қарқынын бәсеңдетпеу қажет. Біз Қытай елімен тікелей жұмыс істейміз», - деді Азамат Асқарұлы.
Биыл бағдарлама бойынша PricewaterhouseCoopers компаниясымен серіктестікте жұмыс істейтін боламыз, бұл салада үлкен тәжірибе мен тиімді жағдайлар бар.
«Кез-келген елге тауар экспорты импорттаушы елдің стандарттарын растауға, сапаның «жергілікті» сертификатын алуға және басқа да көптеген «техникалық» талаптар болады. Өз өнімдерін экспорттағысы келетін кәсіпкерлердің бәрі бірдей мұндай жағдайларды біле бермейді. Бүгінгі таңда 400-ден астам қазақстандық компания шетелде отандық өнімді ұсынады, әлемдік сауда тізбегіндегі шикізаттық емес тауарлардың үлесі әлі де төмен. Бірақ жеделдету бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде экспорттық жеткізілімдердің артуы күтілуде», - деп түйіндеді баспасөз қызметі.