ЕДБ Қазақстанның аграрлық жобаларына 500 млрд теңге салуды жоспарлап отыр
Қазақстанда ірі аграрлық жобалардың пулы бекітілді, оларды іске асыруды мемлекет қана емес, коммерциялық банк те қолдауға дайын. Мемлекет басшысымен кездесуде саланы дамыту жоспарлары туралы вице-премьер Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу көлемін 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырма берген болатын.
«Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024-2026 жылдары іске асыру үшін 1,6 трлн теңге сомасына АӨК саласындағы 500 ірі әлеуетті жобалардың пулын дайындады. Бұл жобаларды іске асыруға алғаш рет екінші деңгейдегі отандық банк өз қаражатына шамамен 500 млрд теңге салуға дайын екендігін білдірді. Жақын арада әлеуетті жобалардың тізімі өзекті болады», - деп хабарлады Ақордада.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Жұманғаринге ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларда қаражаттың тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Бұған дейін Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылы ведомство әкімдіктермен бірлесіп жалпы сомасы 2,7 трлн теңгеге 877 инвестициялық жобаға 2025 жылға дейінгі жол карталарын бекіткенін хабарлады. 2023 жылдың қазан айында инвестициялық жобалар пулына тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қажетті инфрақұрылыммен, жермен және қаржы қаражатымен қамтамасыз етілмеген 1,5 трлн теңге сомасына 154 жоба алынып тасталды.