29 июля 2020 Қазақстан

ETS-те бидай саудасы болмады

28 шілде сейсенбі күні Еуразиялық сауда жүйесінің биржасындағы азық-түліктік астық аукционында сауда жасалмады.

Бидайдың бағасы сол қалпында өзгеріссіз қалды: 3-ші сұрыпты бидайдың бағасы- 94 мың теңге және 4-ші сұрыпты бидайдың бағасы - 88 мың теңге болды. Аукционға қойылған астық көлемі 32 мың тоннаны құрады.

Алайда, сатып алушылар астық бағасы төмен болады деп үміттенеді және 87 мың және 82 мың теңге ұсынады, осы бағамен олар барлығы 6 720 тонна сатып алуға дайын болды.

Сейсенбіде тараптар ымыраға келе алмады, бірде бір келісімшартқа қол қойылмады.