Сауда министрлігі экспорттық акселерацияға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімін ұзартты
Сауда және интеграция министрлігі Азық-түлік өнімдерін өндірушілерден экспорттық бағдарламаға қатысуға өтінімдер қабылдауды 7 тамызға дейін ұзартты. Өндірушілерге Қытай нарығына шығуға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бұл туралы министрлік хабарлады.
«Бағдарламаға қатысушылардың саны артуына байланысты әлеуетті өндірушілерді қабылдау 2020 жылдың 7 тамызына дейін ұзартылды. Өтінімді Қазақстанның экспорттық порталы - https://export.gov.kz/ арқылы беруге болады» , - деп хабарлады сауда министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, қатысу үшін азық-түлік секторынан 30-35 перспективалы қазақстандық компания іріктеледі, олардың өнімдерін Қытай нарығына экспорттауға дайындау бойынша жұмыс ұйымдастырылатын болады. Жалпы, бағдарлама 2020 - 2025 жылдарға дейін және 1 мыңнан астам қазақстандық өндіруші қатысады деп есептелген. Бұл ретте 300-ге жуық қазақстандық компания алғаш рет халықаралық нарықтарға шығу тәжірибесін алады және алғашқы экспорттық келісім-шарттар жасасады.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама операторы QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы болып табылады. Қытай нарығына шығу оның үлкенділігімен байланысты болып отыр. 2019 жылғы жағдай бойынша Тамақ өнімдері импортының көлемі $54 млрдты құрайды, бұл ретте соңғы 4 жыл ішінде орташа жылдық өсу қарқыны 11% - ды құрады. Акселерация бағдарламасына қатысушылары барлық кезеңдерде қаржылық, сервистік және кеңес беріледі. Атап айтқанда, Қытайдың ірі халықаралық көрмелерінің бірі - CIIE 2020 (China International Import Expo 2020),Шанхайдағы импорттық тауарлардың халықаралық көрмесіне қатысу жоспарлануда. Бизнес-миссияға нақты қатысу мүмкін болмаған жағдайда (эпидемиологиялық жағдайға байланысты) әлеуетті әріптестермен кездесулер және басқа да жоспарланған іс-шаралар онлайн форматта өтетін болады.