28 марта 2024
Қазақстан
Аграрлық несие корпорациясында төрағаның жаңа орынбасары сайланды
Ерлан Молдашев Аграрлық несие корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланды.
Ерлан Молдашев АНК директорлар кеңесінің 2024 жылғы 14 наурыздағы шешімімен жаңа лауазымға бекітілді.
Ол бұған дейін АНК басқарушы директоры болған.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Аграрлық несие корпорациясының басқармасы алты адамнан тұрады: Алмат Әшірбеков (басқарма төрағасы), Қайрат Сапулатов, Марлен Нәбиев, Айдын Досқараев, Мұрат Ысқақов, Ерлан Молдашев.