09:15 Астық

АНК егістіктерді жаңбырдан сақтандыруға өтінімдерді қабылдауды ұзартты

Дәнді және майлы дақылдардың егістіктерін жинау кезеңінде топырақтың артық ылғалдылығы қаупінен сақтандыруға өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы Аграрлық несие корпорациясы хабарлады. Сақтандыру мерзімі 2026 жылдың 15 тамызынан 14 қазанына дейін созылады және егін жинау кезеңінде топырақтың артық ылғалдылығымен байланысты тәуекелдерді қамтиды.

Сақтандыру шартын жасасуға өтінімді Kezekte.kz платформасы арқылы беруге болады.

Егінді Абай және Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлері сақтандыра алады.

Өтінім беруден және шарт жасасудан бастап сақтандыру төлемін алуға дейінгі барлық рәсімдер Kezekte.kz платформасында орналастырылған Qalqan агросақтандыру ақпараттық жүйесі арқылы толығымен электрондық форматта жүзеге асырылады. Шартты ресімдеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы қажет.

Аграршылар үшін сақтандыру полисінің құны мемлекеттік қолдаудың арқасында 80%-ға төмендеді. Аграрлық несие корпорациясы атап өткендей, мемлекет сақтандыру сыйлықақысының көп бөлігін субсидиялайды, сондықтан ауыл шаруашылығы өндірушілері егінді сақтандырудың жалпы құнының тек 20%-ын ғана төлейді.