Азық-түлік корпорациясы жаңа егін бидайының бағасын жариялады
Азық-түлік корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыру алған аграршылардан 2026 жылғы астықты қабылдауға кірісті.
2026 жылғы егін астығының бір тоннасының бағасы:
- 3-сыныпты бидай (желімшесі 27%+, құлау саны 250-ден) - 115 мың теңге;
- 3-сыныпты бидай (желімшесі 25-26%, құлау саны 200-ден) - 96 мың теңге
- 3-сыныпты бидай (желімшесі 23-24%, құлау саны 160-тан) - 92 мың теңге;
- 4-сыныпты бидай (желімшесі 18%+, құлау саны 80-нен) - 82 мың теңге;
- 5-сыныпты бидай (желімшесі 18%+) - 75 мың теңге;
- қатты бидай (дән мөлдірлігі 60, құлау саны 200-ден) - 90 мың теңге;
- 2-сыныпты арпа - 75 мың теңге.
Азық-түлік корпорациясы атап өткендей, бағаның бұл деңгейі астық құнының маусымдық төмендеуі аясында аграршыларды қолдайды.
Биыл ұлттық астық операторы агроқұрылымдарды форвардтық қаржыландыруға 31,9 млрд теңге бағыттады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы фермерлерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала қолжетімді қаржыландыру алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін болашақ өнімнің өткізілуіне кепілдік береді.
Қазақстанның Астық одағының мәліметінше, 28 қыркүйек, дүйсенбі күнгі жағдай бойынша ішкі нарықтағы бидай бағасы 5-сынып үшін тоннасына 81 мың теңгеден hi-pro бидайы үшін 110 мың теңгеге дейін (3-сынып, желімшесі 30%-дан жоғары) болды.