08 апреля 2024
Қазақстан
Жоғары аудиторлық палатаның бұрынғы басшысы ҚТЖ директорлар кеңесіне кірді
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жалғыз акционерінің 4 сәуірдегі шешімімен Наталья Годунова директорлар кеңесінің мүшесі, компанияның тәуелсіз директоры болып сайланды. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып ҚТЖ директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:
- Айдар Рысқұлов - директорлар кеңесінің төрағасы, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
- Нұрлан Сауранбаев - директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы;
- Елжас Отыншиев – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
- Ернат Бердіғұлов - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
- Қуат Ирубаев - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
- Ульф Вокурка - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Александер Андреас Ширхубер - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Джон (Йан) МакКей - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Наталья Годунова - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;.
Айта кетейік, Наталья Годунова ҚР Президентінің Жарлығымен осы жылдың 1 сәуірінде ҚР жоғары аудиторлық палатасының төрағасы қызметінен босатылды. Бұл қызметті бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов атқарды.