16 апреля 2024 Қазақстан

KazakhExport Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне айналды

KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы экспорттық-кредиттік агенттік ретінде айқындалып, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі (ЭКА) болып өзгертілді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық институт ретінде жұмыс істейтін болады.

«Қолданыстағы қызметтерге – сақтандыру және қайта сақтандыру, экспорт алдындағы және экспорттық сауданы қаржыландыру, жаңалары – экспорттық операцияларға кепілдік беретін және сауданы қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау қосылады. Атап айтқанда, экспорттық операцияларға кепілдік беру қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық тендерлерге қатысуға және қазақстандық тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің/жұмыстардың экспорттық мүддесі жоғары елдердің нарықтарында шетелдік қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, ЭКА деректері бойынша жаңа құрал экспорттық мәмілелер бойынша төлем міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің кепілдігін беру есебінен аванстық төлемдерді алу кезінде импорттаушылардың қаражатын тартуды ынталандыратын болады. Бұл экспорттаушыға кепілді қамтамасыз етуді ұсынбай, тиісінше банкке жүгінбей-ақ ЭКА кепілдігін алуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, сауда-саттықты қаржыландыру мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде отандық жоғары технологиялық тауарлар/көрсетілетін қызметтер өндірушісі қазақстандық қаржы институттарының шетелдік сатып алушыларды қаржыландыруы арқылы тауарды немесе көрсетілетін қызметті өткізу мүмкіндігі үшін ЭКА-ға жәрдемдесу үшін жүгіне алады.

«Бұл қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алушылар үшін тартымды жағдайлар жасау есебінен қазақстандық экспортты жаңа деңгейге шығаруға, сондай-ақ Еуропа және Азия елдерімен экспорттық нарықтарда сауда қаржыландыру бойынша отандық мөлшерлемелерің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық қаржы институттарына эмитент -банктердің міндеттемелерін орындамау тәуекелдерін сақтандыру, өнім желісі мен клиенттік базаны кеңейту мүмкіндігін ашады», - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлар экспортын ілгерілету мәселелері жөніндегі заң жобасы ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген болатын.