11 августа 2020 Қазақстан

Агро сақтандыру қауымдастығының басшысы ауысты

Агро сақтандыру қауымдастығы жалпы жиналысының шешімімен Қауымдастық төрағасы болып Серік Ибраев сайланды. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады

Серік Ыбыраев бұл қызметке үш жыл мерзімге сайланды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Елдос Әуезбеков қауымдастық басшысының қызметінен  өз еркімен босау туралы өтініш жазған болатын.

«Агро сақтандыру қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2018 жылдың қараша айында құрылған. Оның құрамына бірқатар сақтандыру компаниялары, брокерлер, сондай-ақ IT-компаниялар кіреді.