Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі тыңайтқыштар экспортын реттеуді сұрайды
Қазақстанда ағымдағы жылы 1,5 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарлануда, оның 900 мың тоннасы отандық зауыттардың өнімін құрайды. Бүгінгі таңда фермерлерге тек 453 мың тонна тыңайтқыш немесе жоспардың 30% жөнелтілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров отандық зауыттардан ішкі нарыққа басымдықпен жеткізу жолымен жөнелтуді жеделдетуге шақырды.
«Олжас Абайұлы, сізден Өнеркәсіп министрлігіне ішкі нарықты қажетті көлемде тыңайтқыштармен басым қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды және осыдан кейін ғана экспортқа жөнелтуді тапсыруды сұраймыз», - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында премьер-министрге сөйлеген сөзінде.
Ол минералды тыңайтқыштарды жөнелту жұмыстары тек Қызылорда облысында ғана аяқталғанын хабарлады. Қалған әкімдіктерге жұмысты жеделдету қажет.
Аграрийлерді қолдау үшін тыңайтқыш өндірушілермен бөліп төлеу мәселесі пысықталды. Өз кезегінде әкімдіктер зауыттармен жеткізу бойынша барлық мәселелерді тікелей пысықтауы қажет.
Сондай-ақ, Премьер-министр Олжас Бектенов аграрийлерден отандық зауыттарда тыңайтқыштардың жетіспеушілігі туралы шағымдар келіп түсетінін атап өтті.
«Әкімдіктерге тыңайтқыштар мен жеңілдікті дизель отынын жөнелтуді жеделдету қажет. Сондықтан Өнеркәсіп министрлігі сұранысқа ие тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауы керек», - деді Үкімет басшысы.