Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады деп болжануда
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Республиканың барлық дерлік аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлады «Қазгидромет».
Болжам бойынша, 24-25 мамырда солтүстік-батыс пен солтүстікте, 25 мамырда Қазақстанның орталығында жаңбыр жауып, қарға ауысады, кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Тек кей күндері ғана батыс және оңтүстік облыстарда жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды деп болжануда.
Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарындағы Скандинавия түбегінің аудандарынан жоғары қысымды аймақтың енуімен түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін аяз болады деп болжануда. Күндізгі уақытта солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда температура 5-13 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағындары температураның 20-30 жылуға дейін көтерілуіне себеп болады.
Жауын-шашын Қазақстанның астық егетін өңірлерінде егіс қарқынын тежейді. АШМ деректері бойынша бүгінде 7 млн га егілді.