Тұрақтандыру қорынан алынған өнімдер Қызылорда қаласының ірі сауда орталықтарында сатылатын болады
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова тұрақтандыру қорындағы әлеуметтік мыңызы бар тауарлардың бағасын реттеу жөнінде тапсырмалар берді. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Гүлшара Әбдіхалықова ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Сейілбек Нұрымбетовке тұрақтандыру қоры арқылы облыстағы негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруды, күзгі егінге дейін өнімді беруді тапсырды. Алдағы 2020-2021 жылдардағы қыста тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға дайындалатын боламыз. Сонымен қатар, облыс орталығындағы әлеуметтік дүкендердің санын көбейту ісі тапсырылды», - деп хабарлады әкімдіктен.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінде облыста әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 8 812,6 тоннасы бар. Бұл қарақұмық жармасы, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, картоп, сиыр еті сияқты керекті тағамдар. Оның ішінде тұрақтандыру қорының өндірісі 2665,3 тоннаны құрайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда 1,2%-ға төмен.
Сонымен қатар, тұрақтандыру қорының серіктестері «Ажар» СҮ және «Данчо» ЖК арқылы облыс тұрғындарына 378,3 тонна әлеуметтік маңызы бар өнім ұсынылады. Басқа сауда орындарында 5,769 тонна әлеуметтік өнімдер сатылатын болады.
Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап Қызылорда қаласының ірі сауда орындарында әлеуметтік бөлімдер ашылды, онда тұрақтандыру қорының өнімдері белгіленген бағамен сатылады.
«Алтын Қамба» ЖШС ірі сауда үйлерінде - «Қызылорда», «Small», «Magnum», «Сұлтан» және «Мирас»,«Аль-Асад»,«Анвар»,«Ажар»,«Оптомаркет Қызылорда», «Ақниет» ірі сауда үйлерінде әлеуметтік бөлімдер ашуды жоспарлап отыр, сондай –ақ олар тұрақтандыру қорының өнімдерін сатуға келіст», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, осы жылдың мамыр айынан бастап бөлшек сауда орындарында с-1 санатты он жұмыртқа бағасы- 284 теңге, мерзімі 90 күн болып белгіленді. Ал аймақтағы қарақұмық бағасының құбылмалылығына байланысты максималды бағасы 313 теңгені құрайды.