Үкімет тұқым шаруашылығын дамытуға 63,4 млрд теңге бағыттайды
Қазақстан Үкіметі Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті. Оны іске асыруға 63,4 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.
Тұжырымдамада Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары бойынша жоғары импортқа тәуелділік сақталатыны атап өтілді. Отандық селекциядағы жеміс-жидек, жаңғақ, көкөніс, бақша, картоп, қант қызылшасы 10%-дан аз. Елдің егіс алқаптарының көлеміндегі элиталық тұқымдардың үлес салмағы 7,1% құрайды, бұл Ресей мен Беларуссиядан екі есе аз (15-18%). Елде селекция және тұқым шаруашылығы бойынша кадрларды даярлау өте төмен деңгейде. Селекционерлердің орташа жасы - 61, ал жас кадрлар келуі іс жүзінде жоқ.
Селекция мен тұқым шаруашылығын дамытудың бес жылдық жоспары тұқымдарды бақылаудың цифрлық жүйесін енгізуді көздейді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптарын шығару және өсімдіктердің үздік шетелдік сұрыптарын Қазақстан жағдайына бейімдеу бойынша селекция мен тұқым шаруашылығының жетекші әлемдік ғылыми орталықтарымен бірлескен жұмысты дамыту жоспарлануда.
Сондай-ақ заңнамалық және нормативтік негіздерге түзетулер енгізіледі, кіші саланың материалдық-техникалық негізі жаңартылады, жас кадрлардың келуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, нәтижесінде аграрлық сектор отандық селекцияның бәсекеге қабілетті тұқымдары мен отырғызу материалының қажетті көлемімен қамтамасыз етілетін болады.
2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы дақылдарының 108 жаңа сұрыптары мен будандарын сынауға шығару және беру жоспарлануда, оның ішінде:
- дәнді дақылдардың 33 сұрыпы мен буданы, оның ішінде: бидайдың 16 сұрыпы (күздік, жаздық; жұмсақ, қатты), тритикаленің бір сұрыпы, арпаның сегіз сұрыпы, сұлы, күріш, құмайдың екі сұрыпы және жүгерінің екі буданы;
- бұршақ дақылдарының 10 түрі, оның ішінде ноқаттың, жасымықтың, бұршақтың үш түрі және бұршақтың бір түрі;
- техникалық дақылдардың үш сұрыпы мен буданы, оның ішінде қант қызылшасының екі буданы, мақтаның бір сұрыпы;
- майлы және жарма дақылдарының 16 сұрыптары мен будандары, соның ішінде сояның үш сұрыпы, күнбағыстың екі буданы, зығырдың екі сұрыпы, мақсары төрт сұрыпы, жаздық рапстың бір сұрыпы, тарының үш сұрыпы, қарақұмықтың бір сұрыпы;
- картоп пен көкөніс дақылдарының 17 сұрыптары мен будандары, оның ішінде картоптың, шалоттың, күздік сарымсақтың, қызанақтың, қиярдың, қырыққабаттың, тәтті бұрыштың, қарбыздың үш сұрыпы, қауынның, сәбіздің, асхана қызылшасының, ақжелкеннің, кориандрдың үш сұрыпы;
- жеміс, жидек дақылдары мен жүзімнің 8 түрі;
- жоңышқа, эспарцет, житняк, тәтті беде, сұр бидай шөптері, изен, типчак, жүгері, сүрлем, судан шөбін қоса алғанда, жемшөп дақылдарының 21 сұрыпы мен буданы.
Басым дақылдардың элиталық отандық тұқымдарын пайдалану үлесін 7,5%-дан 14,4%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Жоспарға сәйкес отандық селекция тұқымымен егілген егіс алқаптарының үлесі 2028 жылға қарай 51,7%-дан 78,2%-ға дейін өседі.
Бұдан басқа, әлемдегі жетекші үш селекция және тұқым шаруашылығы ғылыми орталықтарымен бірлескен жұмысты жолға қою жоспарлануда.