АШМ басшылығы шегірткемен күресу үшін аймақтарға келді
Шегірткеге қарсы күрес жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жедел басқару үшін Жетісу облысына вице-премьер Серік Жұманғарин, Түркістан облысына – ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Қостанай және Ақтөбе облыстарына – ауыл шаруашылығы вице-министрлері барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық оперштаб аптасына екі рет отырыстарға ауысқаны атап өтілді. Барлық аймақтар: жағдайды үздіксіз бақылайды және техника мен пестицидтердің қосымша көлемін өңдеуді күшейту қажет жерлерге дереу жеткізеді.
Түркістан облысында аптап ыстық пен шегірткенің қосымша 60 мың гектар аумаққа таралуы жағдайды қиындатып отыр. 10 маусымдағы жағдай бойынша оның 45,3 мың гектары өңделді: Арыста – 36,8 мың гектар, Шардара ауданында – 6,7 мың гектар, Келес ауданында – 1,6 мың гектар.
Сондай-ақ, 46 қызметкер Ауыл шаруашылығы министрлігінен Түркістан облысына іссапарға жіберіліп, өңдеу орындарын іздестіруде. Егер олар анықталса, химиялық заттардың екі еселенген дозасымен қайта өңдеу жүргізіледі.