Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының ветеринария басқармасын бұрын осы ведомствода бөлім басшысы қызметін атқарған Амандық Жакетаев басқарды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Амандық Жакетаев конкурстық іріктеу арқылы Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды. Екі жоғары білімі бар: Қазақ инженерлік-техникалық академиясын және Семей қаласында Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетін «жерге орналастыру» және «ветеринариялық медицина» мамандықтары бойынша бітірген. 2011 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2011 жылдан 2016 жылға дейін Амандық Жакетаев Топар кенті әкімдігінің ветеринария бойынша бас маманы, Абай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде ветеринар болып жұмыс істеді, Абай ауданының ветеринария бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2016 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының ветеринария басқармасында бөлім басшысы болды.