Қазақстанда ауыл шаруашылығының табыстылығы күрт төмендеді
Қазақстанның ауыл, орман және балық шаруашылығындағы табыстылық 2023 жылдың бірінші тоқсанында 12,9% құрады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 6,6%-ға дейін төмендеді, бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Осы сектор кәсіпорындарының міндеттемелер бойынша қарыздары бірінші тоқсанда шамамен 1,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде еңбекақы төлеу бойынша берешек - 4,8 млрд теңге. Жалақы бойынша мерзімі өткен берешек туралы деректер жоқ.
Бірінші жартыжылдықта ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдері мен қызметтерінің жалпы шығарылымы 1 трлн 591,9 млрд теңгені (2023 жылдың ұқсас кезеңіне өсім 3,4%) құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі - 83,1 млрд теңге (+3%), мал шаруашылығы – 1483,6 млрд теңге (+3,5%), ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер - 0,9 млрд теңге.
Маусым айында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімге бағасы өзгерген жоқ: өсім 0,1%. Өсімдік шаруашылығы өнімдері 0,2%-ға қымбаттады, мал шаруашылығы өнімдері 0,4%-ға арзандады.
Атап айтқанда, өндірушілердің кептірілген бұршаққа бағасы 2,6%-ға, зығыр тұқымына – 1,9%-ға, кептірілген жасымыққа – 1,6%-ға, жемшөп дәнді дақылдарына – 0,9%-ға, бидайға - 0,5%-ға, ал рапс тұқымына - 1,6%-ға төмендеді. Жабық топырақтағы қызанақ 8,2%-ға, жабық топырақтағы қияр 5,2%-ға, қырыққабат 0,5%-ға арзандады. Табиғи бал 2,3%-ға қымбаттады, ал құс еті 1,1%-ға, шикі сүт 0,4%-ға арзандады.