Қазақстанда бидай дақылдарын азайту жоспары артығымен орындалды
Қазақстанда ағымдағы жылы бидай егісін 430 мың гектарға қысқарту жоспарланған болатын. Іс жүзінде бидай алқабы 450,3 мың гектарға қысқарды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
«Монокультуралық бидай алқабын қысқарту бойынша республикалық көрсеткіш 4,7%-ға артты. 450,3 мың гектарға қысқарды», - деді Сапаров.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы жалпы егіс алқабы 23,8 млн га құрады. Майлы дақылдар алқабы 608 мың га, қант қызылшасы - 9,4 мың га ұлғайды. Су сыйымды дақылдар алқабы: күріш 6,9 мың га, мақта 16 мың га азайды.
Ол майлы дақылдар бойынша жұмыс Ақмола (-131,3 мың га), Жамбыл (-32,8 мың га), Батыс Қазақстан (-17,9 мың га), Түркістан (-8,5 мың га) және Қарағанды (-5 мың га) облыстарының әкімдіктерімен тиісті деңгейде жүргізілмегенін атап өтті. Нәтижесінде, тұтастай алғанда, ел бойынша жоспарланған көрсеткішке қол жеткізілмегені байқалады.
Жемшөп дақылдары, күріш және мақта бойынша әртараптандыру жөніндегі республикалық жоспар орындалды.
«Жемдік дақылдар – 3,2 млн га жоспардың орнына 3,5 млн га. Мақта – 100 мың гектар жоспарда 100 мың гектар. Күріш – 94,2 мың гектар жоспардың орнына 93,3 мың гектар», - деді министр.
Су сыйымды дақылдар алаңын азайту бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Жетісу облысында күріш бойынша индикаторларға қол жеткізілген жоқ. Мақта бойынша жоспар толығымен орындалды, 16 мың га қысқартылды.
Сонымен қатар, Сапаров қант қызылшасы бойынша республика бойынша жоспар 10,4 орындалмағанын хабарлады. Атап айтқанда, Алматы облысында жоспар тек 50%-ға, Жамбыл облысында - 74%-ға орындалды.