АНК Солтүстік Қазақстан филиалының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Аграрлық несие корпорациясының Солтүстік Қазақстан филиалының бұрынғы директоры фермерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ол арнайы техника сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға қарыздарды жеделдетіп бергені үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», - деп түсіндірді Антикорда.
Петропавл қалалық сотының үкімімен АНК филиалының экс-директоры мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.