Қазақстанның кәсіпорындары вагондардың тұрып қалғаны үшін ҚТЖ-ға аз төлейтін болады
ҚТЖ вагондардың тұрып қалған кезде жүктерді сақтау үшін белгілеген 10 есе алым елдің бизнесі мен экономикасына теріс әсер етеді. Жүктемені азайту үшін «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Көлік министрлігі және ҚТЖ ұлттық компаниясы вагондарды ағымдағы жөндеуге ағытқан жағдайда мұндай алымды жою бойынша жұмыс жүргізді. Тиісті бұйрық Көлік министрлігімен қабылданды, деп хабарлады «Атамекенде».
«Мәселелердің бірі вагондар тұрып қалған кезде жүктерді сақтау үшін 10 есе алыммен байланысты. Қазіргі уақытта жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар үш түрлі ақы төлеуге мәжбүр: вагондардың тұрып қалғаны үшін, жүктерді сақтау үшін және әскерилендірілген күзет үшін (қажет болған жағдайда). «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС межелі бекетінде вагондардың тоқтап қалуының барлық жағдайларында 10 есе алымды қолданады. Бұл жүк тиелген және бос вагондарға да қатысты. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, бұл алым жүк бекетке келген сәттен бастап 48 сағаттан кейін қойылады», - деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасында.
Бизнеске жүктемені азайту үшін вагондарды ағымдағы жөндеуге ағытқан кезде 10 есе алымды алып тастау мәселесі пысықталды. «Атамекеннің» есептеулері бойынша бұл бизнеске 700 млн теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, осы алым бойынша жауапкершілік шегін белгілеу жөніндегі бастама қолдау тапты: 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін алым қолданылмайды.
«Ұлттық палата Көлік министрлігімен және «ҚТЖ ҰК» АҚ-мен алымдардың мөлшерін тұрып қалу мерзіміне қарай саралау үшін ережелерге өзгерістер енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда. «Атамекен» бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау және ел экономикасын нығайту үшін осы және басқа да мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда», - деп қорытындылады ҰКП.