16 августа 2024
Қазақстан
Аграрлық сектор кәсіпкерлері үшін жақсы жаңалық!
ЦентрКредит Банкі клиенттерге «Кең дала» бағдарламасы бойынша 5 минут ішінде егін жинау жұмыстарын жүргізуге тиімді шарттармен — жылдық 5% мөлшерлемемен 5 млн теңгеге дейін (СЖТМ 5,09%-дан 5,1%-ға дейін) агрокредит береді.
«Кең дала» бағдарламасы — егін жинау жұмыстарын жүргізуге тиімді шарттармен кредит алу мүмкіндігі:
- шешiм 5 минутта;
- 5 млн теңгеге дейін;
- мөлшерлемесі 5% (СЖТМ 5,09% — 5,1%).
Бағдарламаға қатысатын өңірлердің тізімі:
- Абай обл. (Семей қ.);
- Ақмола обл. (Көкшетау қ.), Астана қ.;
- Шығыс Қазақстан обл. (Өскемен қ.);
- Қостанай обл. (Қостанай қ.);
- Павлодар обл. (Павлодар қ.);
- Солтүстік Қазақстан обл. (Петропавл қ.).
Жинауға арналған дақылдар: бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық.
Кредит ресімдеу үшін:
- Қызмет мерзімі кемінде 36 ай болуы тиіс;
- Бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық дақылдары үшін әр дақылға кемінде 90 гектар егіс алқабы болуы тиіс;
- Статистикалық есептілік және/немесе егілген алқап көлемі туралы ЖАО-дан алынған анықтама.
Кеңес алуға арналған телефон: 605.