Қазақстанның синоптиктері күзге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Қыркүйек Қазақстанда жауын-шашын аз болатын жылы ауа-райынан басталады. Алайда айдың екінші онкүндігінен бастап атмосфералық фронттардың жиі ауысуы байқалады, бұл республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайларына алып келеді. Бұл туралы Қазгидрометте хабарлады.
Қыркүйектің екінші онкүндігінде жаңбыр, екпінді жел және ауа температурасының жиі ауытқуы күтіледі. Солтүстік аймақтарда түнде 1-7°C дейін аяз болуы мүмкін.
Оңтүстік аймақтарда жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжануда және температура фоны салыстырмалы түрде жылы болып қалады. Бір ай ішінде температура біртіндеп төмендейді: түнде + 15 + 23°С-тан +3 + 10°С-қа дейін, ал күндіз +25+35°С-тан +15+23°С-қа дейін.
Қыркүйек айында ауа температурасы республиканың көп бөлігінде бір айдағы орташа температура нормадан 1° жоғары, батыста, елдің шығысы мен оңтүстік - шығысындағы таулы аймақтарда нормаға жақын болады деп күтілуде.
Қыркүйек айындағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық немесе одан жоғары, елдің оңтүстік облыстарында нормадан төмен болады деп болжануда.
Қазан және қараша айларында Қазақстанның негізгі бөлігіндегі ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда төмен болады, ал жауын-шашын мөлшері еліміздің барлық өңірлерінде норма деңгейінде немесе одан жоғары болады деп болжанады. Жауын-шашын нормадан аз болатын республиканың оңтүстік-батысы мен орталығын қоспағанда.