АНК Қазақстанның фермерлерін 550 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырды
Сомаға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) 400 млрд теңге және оның еншілес ұйымы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАФ) желісі бойынша 151,7 млрд теңге кіреді.
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру бойынша 400 миллиардтық межеден өтті.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты қаржыландыру көлемі 164 млрд теңгеден асты.
Аталған көлемнің 320 млрд теңгеден астамы «Кең дала» және «Кең дала 2» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталды, бұл өткен жылғы «Агробизнес» бағдарламасындағы 80 млрд теңге көрсеткіштен екі есе көп.
Бұл ретте корпорация қаржыландыру арналарын ұлғайта отырып, фермерлер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасады. Осылайша, несиені корпорация филиалдарынан кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) және микроқаржы ұйымдары арқылы алуға болады.
«Өткен жылы АНК мен ҚАҚ-ны қаржыландыру 554,7 млрд теңгені құрап, абсолютті тарихи максимумға жетті. Биылғы жылы сандар одан да әсерлі және біз жыл соңына дейін жалпы сомасы 700 млрд теңгеден асады деп жоспарлап отырмыз. Еліміздегі әрбір үшінші ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші біздің клиент болып табылатыны қуантады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша соңғы қарыз алушылар саны 85 мыңнан асты. Біз клиенттермен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөлеміз, оларға несиелер алу және ауыл шаруашылығын дамытуда қолдау көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз», — деп атап өтті АНК басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың көктемінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін «Кең дала 2» АНК жаңа бағдарламасы іске қосылды.
«Бұл қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады, бұл ретте қарыз алушылар үшін жылдық 5% мөлшерінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі қамтамасыз етіледі.
Бұл ретте жеткілікті кепіл мүлкі жоқ фермерлер үшін биыл алғаш рет «Даму» Қорының қарыз сомасының 85% мөлшеріндегі кепілдіктері беріледі. Бұл ретте өтінім тек АНК-ға беріледі, бұдан әрі Корпорация Қорға кепілдік шығаруға өтінімді өзі жібереді», — деп түсіндірді корпорацияның Басқарма Төрағасы.
2,2 мыңнан астам фермер қамтылған «Агробизнес» әмбебап бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Биыл мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларына шамамен 80 млрд теңге бағытталды.
Бұдан басқа, суару, қайта өңдеу, көкөніс және жеміс сақтау қоймалары, сүт-тауар фермалары, құс фабрикалары, жылыжайлар мен бақтар сияқты бағыттарда 16 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.
Өз кезегінде, ҚазАгроҚаржы жылдық 5% жеңілдікті лизингті іске қосты. Бағдарлама отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 7 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландыруды ұсынуды көздейді. Қазіргі уақытта КАҚ осы бағдарлама бойынша 67,4 млрд теңгеге 1,6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландырды, бұл 2,6 мыңнан астам техника сатып алуға мүмкіндік берді.