Аграрлық несие корпорациясы несиелеудің жаңа бағытын бастады
ҚР президентінің тапсырмасын орындау аясында үкіметтің қолдауымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мал шаруашылығын дамытуды қолдау үшін қаржыландырудың жаңа бағытын іске қосты.
Жаңа бағдарлама айналым қаражатын толықтыруға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеуді көздейді. Бағдарлама аясында ірі және ұсақ мал басын, жемшөпті, сондай-ақ ЖЖМ, бордақылау шаруашылықтарына арналған мамандандырылған жабдықтар мен техникаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алуға басты назар аударылады. Бағдарламаның шарттарына сәйкес қарыз сомасының кемінде 70%-ы мал сатып алуға бағытталуы тиіс.
2025 жылға арналған қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Осы бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5%. Қаржыландыру 12 айға дейін беріледі.
Бағдарламаға негізгі қызмет түрі қажетті өндірістік инфрақұрылымы бар ІҚМ және ұсақ мал бордақылау болып табылатын кәсіпорындар қатыса алады.
Бағдарлама шеңберінде сатып алынатын мал басы жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесінде тіркелуге, сондай-ақ белгіленген жас және салмақ сипаттамаларына сәйкес келуге тиіс. Қарыз алушы жануарлардың АШЖБ-ке және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына келіп түсуі мен кетуін есепке алуды жүргізуге міндетті.
Аграрлық несие корпорациясы тұрақты мал шаруашылығын дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған агроөнеркәсіптік сектордағы қаржы құралдарын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Қосымша ақпаратты agrocredit.kz сайтынан немесе call-орталықтың 5353 телефон нөмірі бойынша алуға болады.