Қазақстанда жаңбыр мен жылыну күтілуде
Тұрақсыз ауа-райы Қазақстанның басым бөлігінде 27-29 тамыз аралығында сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауады деп күтілуде, қатты жаңбыр 29 тамызда республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында болады деп болжануда. Тек батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Сондай-ақ, алдағы үш күнде Қазақстанда желдің күшеюі болжанып отыр, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында - дауыл мен бұршақ. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі.
Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз батыс аймақтарда 27-35 жылуға дейін; солтүстік-батыс облыстарда 20-30 дейін; солтүстікте 17-25 дейін; орталықта 18-28 жылуға дейін. Елдің шығысында температураның негізгі фоны 18-28 жылуды құрайды, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасы 22-30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.