17 сентября 2024 Қазақстан

Ветеринариялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазбек Тәшімов Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин бүгін комитет ұжымына төрағаның жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа лауазымда ол биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететіні атап өтілді.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазбек Тәшімов Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ол 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Каменка ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы сол университетте «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Қазбек Қазыханұлы кәсіби қызметін 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында АШМ Тасқала аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы қызметінен бастады. 2005 жылдан 2011 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2011 жылдан бастап Ташимов БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімін басқарды, ал 2015 жылы БҚО ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2017 жылдан 2021 жылға дейін БҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021-2024 жылдары Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде 1,5 жылдан бері төраға лауазымы бос тұр.